Мен жастарға сенемін! (исполнитель: Қайырлы Ғафуров, Кәкім Ердібайтегі)

Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты - 
Қырандай күшті қанатты. 
Мен жастарға сенемін! 
Көздерінде от ойнар, 
Сөздерінде жалын бар, 
Жаннан қымбат оларға ар, 
Мен жастарға сенемін! 
Жас қырандар-балапан, 
Жайылып қанат ұмтылған. 
Көздегені көк аспан. 
Мен жастарға сенемін! 
Жұмсақ мінез жібектер. 
Сүттей таза жүректер. 
Қасиетті тілектер - 
Мен жастарға сенемін! 
Тау суындай гүрілдер, 
Айбынды Алаш елім дер, 
Алтын арқа жерім дер, 
Мен жастарға сенемін! 
Қажу барма тұлпарға, 
Талу барма сұңқарға, 
Иман күшті олрарда, 
Мен жастарға сенемін! 
Алаш айбынды ұраны, 
Қасиетті Құраны, 
Алаштың олар құрбаны, 
Мен жастарға сенемін! 
Мен сенемін жастарға, 
Алаш отын оспанға 
Шығарар олар бір таңда, 
Мен жастарға сенемін!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Ко мне прикоснись  Здесь девочек зовут кис кис кис  Я как сейчас вспоминаю  ДУША ЛЕТЕЛА НАД ЛУЖАМИ  Александр Алиев любовь  Анна Кошмал -Сны  Баллаев Владимир 
О чем песня
Қайырлы Ғафуров, Кәкім Ердібайтегі - Мен жастарға сенемін!?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен