Озиме гана сынарсын (исполнитель: Бексултан Баратов, Аблезова)

1) Көргенде өзі-ақ туатын,
Жазатын менің жырымсың.
Көзіңнен ғана ұғатын, 
Тұңғиық терең сырымсың.

Көгімде шуағын шашқан,
Сен менің нұрлы күнімсің.
Жайнаған жұлдызды аспан,
Сен менің айлы түнімсің.

Қайырмасы:
Түсірмей кірбің көңілге,
Мені ойлап жүрген шығарсың.
Қалқам-ау, мынау өмірде,
Өзіме ғана сыңарсың.

2) Аққудай жүзейік бірге,
Осынау өмір айдында.
Сырыңды ақтарып түнге,
Сыңарым мүлде қайғырма.

Сыңғырлы сұлу күлкіңмен,
Ғашық қып өзін жүрсің бе?
Сүйгендер сенің сүйгенін,
Сыңарың барын білсін де.
Қайырмасы:
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Переходный возраст  Айленд  Ария принца  Песня переделка  5sta family тук тук  Земфира - НебоМореОблака  Олы бурыч  Черный пистолет - NINTENDO 
О чем песня
Бексултан Баратов, Аблезова - Озиме гана сынарсын?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен