Жанымнан тәтті өмір (исполнитель: Гулмира Сарина)

Жалғанның кемесін, 
 Жалдап ап келесің. 
 Қай маңда қайраңдап, 
 Қай маңда өлесің... 

 Дауылды дүрмегің, 
 Жауынды күндерің. 
 Жаныңа жалау боп, 
 Жалпылдап жүргенің. 

 Мәңгілік көгіңнің, 
 Жаңғырық жеріңнің. 
 Салмағын өлшейтін 
 өзі ғой өмірдің. 

 Арқалап нар жүгін 
 Тартатын барлығын, 
 Тарзы емес пе, 
 Тарамыс-тағдырың. 

 Жығылса бақ туың, 
 Жыласа аққуың. 
 Арыңды кірлетер 
 Алаңсыз шаттығың. 

 Жан едім ақ көңіл. 
 ...Не деген тас-темір 
 тілімді тістетті 
 Жанымнан тәтті өмір. 

 Осынау ақ мекен, 
 Сор ма екен, бақ па екен. 
 Адасқан арманым, 
 Қай жолға тартты екен. 

 Сол жолды сап кеткен, 
 өмірді тәтті еткен. 
 Сұп-сұлу сұм ажал, 
 Ең соңғы хат па екен?
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Татьяна Буланова Бегущая по волнам  Татьяна Буланова Матушка-Россия  Татьяна Буланова Птица феникс  Татьяна Буланова Шарманка  Татьяна Буланова Радуга-дуга  Татьяна Буланова Иванов день  Татьяна Буланова Любимые Цветы  Татьяна Буланова Падаю 
О чем песня
Гулмира Сарина - Жанымнан тәтті өмір?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен