Сені Ойлай (исполнитель: Дос)

Ойладым мен сені,
Ойладым сені жаным,
Ойладым сағынышпен аңсап, ардағым.
Жайнаған шынарым,
Жайқалған жасыл бағым
Көңіл көктемі, асыл әнім, арманым,
Сұлусың сен қандай!
Ажарың атқан таңдай!
Сұлусың, сиқырлысың, ару ақ маңдай.
Жыр маржан таққандай,
Тал бойың өрім талдай,
Нұрлы жанарың үміт шырақ жаққандай!

Махаббат сыры сезімнің нұры,
Махаббат жыры - ең асыл ән...

Сені ойлай, сені ойлай,
Айтамын сыр таңдарыма.
Сені ойлай, сені ойлай,
Арнадым ән ардағыма.
Сені ойлай, сені ойлай,
Балап жүрмін жан жарыма.
Сені ойлай, сені ойлай,
Асығамын арманыма.

Аяулы ақ құсым,
Сүмбіл шаш аққу мүсін,
Нәзіксің қылықтысың неткен тәттісің!
Баянды бақпысың?!
Сен дедім бақыт құсым!
Сыйла сезімнің маған балдай тәттісін!
Өзіңдей жан қайда?!
Махаббат жалындай ма?!
Тыңдашы ғашық көңіл сен деп жырлай ма?!
Жалғанға сыймай ма?!
Ынтығып туған айға,
Сүйіктім іңкәр жүрек тулай ма?!

Махаббат сыры сезімнің нұры,
Махаббат жыры - ең асыл ән...

Сені ойлай, сені ойлай,
Айтамын сыр таңдарыма.
Сені ойлай, сені ойлай,
Арнадым ән ардағыма.
Сені ойлай, сені ойлай,
Балап жүрмін жан жарыма.
Сені ойлай, сені ойлай,
Асығамын арманыма.

Ойладым мен сені,
Ойладым сағынышпен.

Махаббат сыры сезімнің нұры,
Махаббат жыры - ең асыл ән...

Сені ойлай, сені ойлай,
Айтамын сыр таңдарыма.
Сені ойлай, сені ойлай,
Арнадым ән ардағыма.
Сені ойлай, сені ойлай,
Балап жүрмін жан жарыма.
Сені ойлай, сені ойлай,
Асығамын арманыма.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Девочки маде ин раша  Fuck Ginex Подонки 24  Сто Тысяч из Ста Стриж feat Menace  Любе - скоро дембель  Lelle  Крутой реп Репер Сява  Космический блюз 
О чем песня
Дос - Сені Ойлай?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен