Беріштер гимні! BERISH (исполнитель: ХАМЗИН ЖАКСЫЛЫК - заказчик)
Беріштерге арнау 1 - куплет 12 – ата Байұлы 7 – де баулы Беріштен Жайсаңдар шыққан нешеме Жау – жарағы келіскен Қаратоқай, Есенғұл Замандас екен ақ – желең Тай – құлындай тебіскен Толымды екен ортасы Жаңбыршы, Себек, Бегіспен Бөкенмен, Жанет, Құлкештер Ұлдары екен Беріштің Біріне – бірі ай сеніскен К-сы Толғайда – толғай толғанда Жырымның құсын ұшырдым Ұрпағы екен Беріштің Кешегі сұлтан Бейбарыс Билеушісі Мысырдың Ер – Исатай, Махамбет Дауысы жетті құлаққа Кешегі қызғыш құсыңның Пыштанай батыр бүгінге Аңызы жетті күшіңнің 2 куплет Кешегі қилы заманнан Мунда бір самал еседі Алшын – деп шапқан атойлап Ағатай – бабам кешегі Ұраны болып - Беріштің Заманнан – заман көшеді Құттыбай, Шұбар, Жаңбыршы Батырбек, Қабыл, Есеттер Бағланы, батыр, шешені Жапарберді, Ұса – Үбілер Сөзбенен қолды бастаған Жақсымен, Жайсаң көсемі 3 – куплет Беріштен өткен нешеме Әулие – әмбе киелі Бекмұхамбет, Әжіғали Қыз – әулие, Қаламқас Атағын елім ардақтап Бүгінде басын иеді Нешеме батыр – бабаның Ала – құйын заманда Түрікпенде қалған сүйегі Разы болсын аруағы Өсе берсін ұрпағы Жыршының осы тілегі Қ-сы Толғайда – толғай толғанда Жырымның құсын ұшырдым Ұрпағы екен Беріштің Кешегі сұлтан Бейбарыс Билеушісі Мысырдың Ер – Исатай, Махамбет Дауысы жетті құлаққа Кешегі қызғыш құсыңның Толғайда – толғай толғанда Жырымның құсын ұшырдым Ұрпағы екен Беріштің Кешегі сұлтан Бейбарыс Билеушісі Мысырдың Ер – Исатай, Махамбет Дауысы жетті құлаққа Кешегі қызғыш құсыңның Кешегі баба Құлбарақ Аңызы жетті күшіңнің