Қартайған Арыстан (исполнитель: Бауыржан Бекахметов)

Қартайып, Арыстанның әлі кетті, 
Айбыңды жұрт қорқатын сәні кетті.
Бетіне жан келмейтін уақыттар-ай,
Артына бір қарамай, бәрі де өтті.
Аяқта дәрмен қалды жүрерлік-ақ,
Тым қарттық жас емес қой көрерлік-ақ.
Тіс түсіп, тырнақ мұқап, қайрат кетіп,
Жайы бар тыныш жатып өлерлік-ақ.
Тынышына қоймады оны өзге аңдар,
Бата алмай, «сені ме?!» деп жүрген жандар.
Анау да, мынау да өшін алып жатыр
Бұрыннан Арыстанда кегі барлар.
Ат тепті, Қасқыр қапты етін үзіп,
Біресе жаралады Өгіз сүзіп.
Қинады әркім келіп білгенінше,
Арыстан үн шығармай жатты төзіп.
Ыңыранып жатыр еді өлейін деп,
Қасына Есек келді көрейін деп.
Артықша жанға батар жерін таңдап,
Ол да тұр Арыстанды тебейін деп.
«Я, Раббым, - сол уақытта деді Арыстан,
Мен түгіл, үркуші еді Ат қамыстан.
Бұл Қасқыр, мынау Өгіз тимек түгіл,
Зәресі ұшушы еді, көрсе алыстан.
«Төбем» деп келіп тұрған мынау Есек,
Аяқта жатушы еді болып төсек.
Кешегі дәурен баста тұрған шақта,
Мұны кім айтушы еді жау деп есеп.
Дариға, ол заманның бәрі өтті,
Кәрілік деген бәле келіп жетті.
Тіс түсіп, тырнақ мұқап, әл кеткен соң,
Сорыма бәрі мұның ер боп кетті.
Көп шығар, жоқ демеймін, кінәм менің,
Ризамын бақ, бәлеңе Алла сенің!
Тұяғын бұл жаманның тигізбей ал,
Қорлықтан мұнан көрген, артық өлім!»
Аталған бірдей емес осы аңдар,
Ішінде жақсы, жаман, осалы бар.
Арыстан, Жылқы, Өгіз, Есекке ұқсас,
Ойласақ, табылмай ма неше адамдар?
Ерлер бар заманында дәурен сүрген,
Дұшпанын ерегіскен жалғыз бүрген.
Қартайған Арыстандай әлі кетіп,
Қаруы бұл уақытта азып жүрген.
Бақ қонса, сыйлар Алаш ағайын да,
Келе алмас жаман батып маңайыңа.
Басыңнан бақыт құсы ұшқан күні
Құл-қүтан құтырады, малайың да.

(Ахмет Байтұрсынов)
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Infernal War Crush the Tribe of Jesus Christ  Infernal War The Grand Intolerance Manifestation  Infernal War Dechristianized by Parabellum  Gallhammer At the Onset of the Age of Despair  Gallhammer Blind My Eyes  Лоя ночной город  Fen A Witness to the Passing of Aeons  Fen As Buried Spirits Stir 
О чем песня
Бауыржан Бекахметов - Қартайған Арыстан?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен