Осында отырган бир кызга гашыкпын ) (исполнитель: Жигиттер Сенбендер кыздарга.)

Ортада отырмыз бәрiмiз
Жасы үлкен, кiшiмiз, кәрiмiз,
Балалык шағымнан әнгiме айтайын
Құлақ салып тыңдаңыз бәрiңiз.

Балалық шағымнан бiрге өскен,
Қаракөз сұлу-ай бой жеткен,
Он жылдық мектепті үздiкке бiтiрiп
Қалаға оқуға ол кеткен.

Осымен ай өтти, жыл өттi,
Қаракөз хабарсыз ол кеттi.
Күндердiң күнiнде Қаракөз-айымнан
Бiр парақ қағазбен хат келді.

Хатында жазыпты кешiр деп,
Маңгiлiк махаббат өшті деп,
Күздегi болатын үйлену тойымның 
Қадырлі қонағы болшы деп.

Сонда мен бардым ғой қалаға,
Сүйгенiңдi iздемей болама?
Мен барсам қалаға, қасында бiр бала
Сонда мен қалдым ғой далада.

Жiгiттер сенбендер қыздарға,
Осы күни ойлайтын қыз бар ма?
Жүрегім лүпілдеп, сүйемiн деп алдайды
Махаббат ойыншық қой оларға.

Жігіттің намысын аяққа таптаған,
Қыздарды қыз деуге бола ма?
Осымен әнімді тыяйын
Қалайша мен оны кыяйын.

Осында отырған бiр қызга ғашықпын
Есiмін айтпай-ак кояйын.
Осында отырған бiр қызга ғашықпын
Есiмін айтпай-ак кояйын.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Calling For Vanished Faces II Current 93  Madeon - Madeon - Pop Culture  Katy parry kiss me  Солдацкая  Somos De Calle Типа новый гимн Рея  Лелека  Жизнь не стоит  Tori Amos Dragon 
О чем песня
Жигиттер Сенбендер кыздарга. - Осында отырган бир кызга гашыкпын )?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен