Актобе(sound 2014) (исполнитель: Атай жане Дастан Мергали)

Арайлы мекенім,өсуде өркенін,
Әнімді арнап келемін.
Артуда кемелін,ғажапқа теңедім,
Жолымның бастауы сен едің.
Ақ бесік Ақтөбем,армандар әкелген,
Жайнады дамуы бүгінде. 
Ғашықтар ордасы, жастардың ортасы,
Батыстың бастауы Актөбе.

Жасай бер жыр калам,
Жадырап сырлы далам.
Жастарың қолдайды
Ақтөбем нұрлы арман.

(партия рэп)
Қазақстан елімде аумағы кеңейген,
Аспанды Ақтөбе құтты мекен мерейлі.
Жайнады қалам, жайнады көшелері,
Тазалығы даңғылдың осылардың бір себебі. 

Күніне көп ұшақты қондырады әуежайы,
Бағыт алып қатынасы алыстарға самғайды.
Тасымалын халықтың жалғастырып темір жолы,
Қаншама қалаларды Ақтөбелік аралайды.

Ойын-сауда орындары, дамуын орындады,
Мақтауда бәрі Мега орталық болғалы.
Ақтөбе-жеңімпаз футболдан биыл тағы,
Жанкүйер болып түгел қала қолдады.

Даласы орманды, дамыған туризмі,
Нұрғасыр сәулеті, ғимараты күмбезді.
Менің, сенің мекенің бірігіп бәріміз,
Көркетейік жайнаған Ақтөбемізді.

(Рэп-қосымша)
Шартарап Шалқарым, тектіліктің ордасы,
Ембі мен Қандыағаш облыстың ортасы.
Бабалы Байғанин, Темірің шеткейдегі,
Алға ауданы жалғайды Ақтөбемен арасын.

Батыс бөлікте кенге толы Хромтауың,
Қобда жері-батыр Әлияның туғаны.
Шежірелі Әйтеке би даласы таулы
Жасыл желек Ойыл-Ырғыз көршілес аумағы.

Қарғалы сан халқы, бір екен арманы,
Мартөк араны Ресеймен жалғады.
Жастары аудандардың Ақтөбеге ағылатын
Мыңдаған студент шетте жүріп сағынады.

Татулық жағдайда тұрғын халқым аман,
Танданар бір саған әлем, жалпы ғалам.
Тілегім, біргемін, өзіңде келемін,
Жайнай бер, өркенде Ақтөбе қалам.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Благословен если Господи  Vnuk небо  Мой Кавказ Един Султан Ураган  Мот стелит че сели Мот  Прочитать твои мысли Птицу ЕмЪ  Ненаглядная Ма Светлана Копылова  Спросил человек ксения лапицкая  Ани лорак сон 
О чем песня
Атай жане Дастан Мергали - Актобе(sound 2014)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен