Кош жаным (исполнитель: Баглан Амангелдиев)

Махаббатым жанған еді алғаш сені көргенде,
Күн де нұрын шашқан еді оралмайтын сол көктемде.
Енді, міне, күз де келді, жапырақтар сарғайып,
Сүйген аққу қайда кетті, болды менен бір айып.
Бақыт емес, елес болып жүрегімді алдадың,
Жанарыма қайғы толып неге жылай қаламын.
Әлде, жаным, таппадың ба көңілімнен сырымды,
Әлде жоқ па жылу менде, айтшы таққан кінәңді, кінәңді.

Қ-сы:
Сүйгенім менің, сүйгенім, жанарыма жас бердің,
Бақытымдай балаушы еді, неге, жаным, қош дедің?
Сүйгенім менің, сүйгенім, жанарыма жас бердің,
Бақытымдай балаушы еді, неге, жаным, қош дедің, сүйгенім?

Өмірім менің, өмірім, неге енді өзгердің,
Қос аққудай бірге едік, неге бүгін қош дедік?
Қош дегенің, айтқан сөзің жаралады жанымды,
«Сүйем» деген сөзің қайда, өзгемен болдың бақытты.
Қиын екен шын сүйгенің қол бұлғаса алыстан,
Гүл секілді солғандайсың күзгі салқын ызғардан.
Таппаспын мен сенен артық, менен артық тапсаң да,
Амалым не, тілеймін бақ, жаным жылап жатса да, жатса да.

Қ-сы:
Сүйгенім менің, сүйгенім, жанарыма жас бердің,
Бақытымдай балаушы еді, неге, жаным, қош дедің?
Сүйгенім менің, сүйгенім, жанарыма жас бердің,
Бақытымдай балаушы еді, неге, жаным, қош дедің, сүйгенім?
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Настя подари мне щастя  Агоев Руслан  Рингтон Rock 285 - Smokie  Hiro отьебись  Ты помнишь Вокальный квартет Аккорд  Ей одиноко и очень грустно Dino MC 47  На двоих одна мечта ты моя вселенная ты мой воздух  20-го апреля АНСАМБЛЬ ХРИСТА 
О чем песня
Баглан Амангелдиев - Кош жаным?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен