Жулдыздардан сура (исполнитель: BaGi x SE7EN)

Көргің келмесе мейлі, ештеңе өзгермейді,
Адамның санасы көз жеткен жерден ары көрмейді.
Ол мүлдем сезіп білмейді мендегі ойларымды,
Тыныштық түннің мұңы, қиялға бойларымды.
Төгіліп ойлар, құмды шыны сағат ішінде,
Осынша уақыт бірге бір-бірімізді түсінбей.
Аспанның көк түсіндей, қарашы сезімімді,
Қалаймын сол дүниені анық қарап сезуіңді.
Қойсаңшы езуіңді шырыны бітті жүректің,
Сұранып жаратқаннан тентектеу сезім тілеппін.
Күшінде емес білектің, жүректің әмірінде,
Секірген ырғағынан ұстап қалуда мүмкін де.
Не дейсің қара түнге, не айтсаңда тек үнсіздік,
Тіл қатудың орнына жұлдызды аспан жымыңдайды.
Сен жайлы ойлар қинап жеп барады шыдамсыздық,
Сабыр сақта жаным олай мүлдем болмайды.

Қайырмасы:
Мен сені сағындым, көруге асыға,
Мәңгілік сезімің, сондағы осыма.
Мен сені сүйемін, несіне жасырам,
Сен жайлы ойымды, жұлдыздардан сұра.

Айта алсам ғой іштегі айтар сөздерді,
Бізге керек бақ қыстайтын біздерді.
Көздерім іздегенде бір талмайды, жүрек тынбайды,
Себебі сен барда мақсат өзге таппайды.
Махаббат ойын демеймін, ол айналада,
Жақсы көрмеймін демеймін уақытты сен сана.
Басқасын қайтем сендей жылу ендірмесе,
Қасымда болып келешекке сендірмесе.
Сендей күлімдемесе мені бөлеп қуанышқа,
Алтын уақытты бөліп болатын жанымда.
Сонша уақыт, үйренуге уақыт болды,
Бір-бірімізді беске білетін уақыт болды.
Аяулым тек өтінемін өзгемен кетпеші,
Егерде сағынсаң, ойланбай маған келші.
Алыс болсақта жаным, көңілім сенде тұр,
Егер сүйем десең көңіліңді сенде бұр.

Қайырмасы:х2
Мен сені сағындым, көруге асыға,
Мәңгілік сезімің, сондағы осыма.
Мен сені сүйемін, несіне жасырам,
Сен жайлы ойымды, жұлдыздардан сұра.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Ночь The Chemodan  OST Зачем Гоп-Стоп  Supernova prod  Price Tag Cover Maddi Jane  Mustafa ceceli sensiz olmaz ki  Kim Soo Hyun feat WooYoung  Garnidelia grilletto 
О чем песня
BaGi x SE7EN - Жулдыздардан сура?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен