Есімдесің... Балапаным!!! (исполнитель: Білмеймін қандай өмір кешудесің,)

Білмеймін қандай өмір кешудесің,
Дегенмен сен әлі де есімдесің.
Сағынып жазған маған хаттарыңның,
Санамда сақтап жүрмін көшірмесін.
Белгісіз қайда екенің, қай жақтарда?
Сағынып шерлі жүрек жай тапқан ба?
Бейнеңді елестетіп жұбанамын,
Кей сәтте жалғызсырап ой батқанда.

Есімдесің мен сені ұмытпағам,
Санамды сендік сезім құрықтаған.
Сезімім адал еді саған деген,
Жүрегімді мәңгілік құлыптаған.

Білгем жоқ қандай өмір кешудесің,
Бірақ сен есімдесің, есімдесің.
Қиналып жүрмін әлі өшіре алмай,
Санамдағы хаттардың көшірмесін.
Белгісіз қайда екенің, қай жақтарда?
Сағынып шерлі жүрек жай тапқан ба?
Бейнеңді елестетіп жұбанамын,
Кей сәтте жалғызсырап ой батқанда.

Есімдесің мен сені ұмытпағам,
Санамды сендік сезім құрықтаған.
Сезімім адал еді саған деген,
Жүрегімді мәңгілік құлыптаған.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
WU LYF Cave Song  WU LYF Such A Sad Puppy Dog  Pretty Boy Floyd Kid Loco  WU LYF Summas Bliss  WU LYF We Bros  WU LYF Spitting Blood  Blaze Of Glory Bon Jovi 
О чем песня
Білмеймін қандай өмір кешудесің, - Есімдесің... Балапаным!!!?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен