Менің атым Қожа (исполнитель: АРМАН ОРЫНГАЛИЕВ)

Жақау

Ағалық бұл ақылым, сенсің інім жақыным
Ақыл тыңда ағаңнан жақындап кел ақырын
Бар онсыз да ақылың тыңда мені ақыным
Өмір менен өнерде жаман емес қарқының
Анаң айтты: «жарқыным,балам,алтыным»
Әкең айтты болшы деп мақтанышы халқыңның
Әжең сүйіп балқыды, иіскеп сені шалқыды
Өмірде адал болып риза қылшы жалпыны
Құрметте дініңді, ұлтың мен салтыңды
Ренжітсе өзге сені ұстап қал салқынды
Сабыр ет шыда қысса дағы алқымды
Сабырлықпен түсіндір жоғалтпай өз қалпыңды
Қол көтеріп жатса, шабуылдаса қарқынды
Мен үйреткен болевойдан тәсіл жаса сан түрлі
Құлшылықпен өткіз інім білім алып әр күні
Өткінші өмір қызығына алданып қалма әртүрлі
Ренжітпе әркімді, ойла інім артыңды
Үлкен менен кішіге сөздер сойле тартымды
Әрбір істе, саудада қоя біл өз шартыңды
Раббыңа риза болып бағалай біл әр күнді

Диди

Ең алдымен оқимын сабағымды төрт пен беске
Ешкімге де тиіспеймін аулақ болам төбелестен
- Егер өзі тиіссе ше?
- Онда бауырым қой де,
Сабырлыққа шақырып бәрін шеш ақыл оймен!
- Ал егер коймаса ше?
- Қоймаса, қол аяғын майыстырып прием жаса болевоймен
Сұлтанмен жасырынып шығып шетке ендігәрі шылым шекпе
Жаз! Бұзақылық жасамаймын ендігәрі,
Қожаберген тәртіпті деп айтар әлі елдің бәрі
Ең жуас, ең үлгілі қой аузынан шөп алмайтын
«Сайтан», «есуас» деген сөздерді айтпайтын
Тыңдайтын мұғалім Майқанова апайды
Жүрегін ұшырмайтын, сумкеге бақа салмайтын
Анасын ренжітпейтін, үлкенді сыйлайтын
Ең бастысы жігіт болам, үлгі тұтар ел мақтайтын!

- Шешім бір ауыздан қабылданды!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Aishite!aishite!aishite  Yuuki Ono – Kagami sex  Yuuki Ono  Кайнар чай  Вдох дым легкий парламент ночь манит огнями  Miku cinderella  Miku cinderella the thief  Deep sea girl rus 
О чем песня
АРМАН ОРЫНГАЛИЕВ - Менің атым Қожа?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен