Бес бармак жумылар(Shapalak & Тентек Каторый ) remix (исполнитель: G.H.A.D)
1 Бес бамақ жұмылар 1-ші куплет Күшілер күшін салса байтақ ел жоғалмас, Шымыр ет шаршаса нағыз ерді оқ алмас. Бұл жалған өмірдің бағалы тек сапасы, Жырлайтын ауыз көп жетпесе де шамасы. Шанасын сүйрейді, заман жаман ағынды, Қате сөз тіземен сындырады жағыңды, Жаны тәтті қорқақты ішінде жын ұстар, Қайтпас қайсар сері өнердің ұшын ұштар. Ұсыныстар жан-жақты, жел қуып қаңбақты, Салмақты ақындар шайтаннан шаң қақты, Түбінде шарбақтың түр-түрлі аң жатты, Серілер жүректен щығарар ән хақты. Қозғалыс жалғасуда, жүйеге кері ағыс, Қолда намыс ашу да, мінез-құлқы нағыз, Мың ру, ыру-дыруда, қадамы нық, тұп-тура, G.H.A.мәдени құлпыруда. Көкелер семірді, білмейді-ау сенімді, Кішілер сөз ұқпас, қор қылды-ау елімді, Байқұстарды аяймын, айбын қара көздері, Өзгертер әлемді, өзгерсе өздері Қайырмасы Кім білсін әлі, ертелі ме кеш пе? Жер астынан шығамыз ертелі ме кеш пе, Бес бармақ жұмылар, бешбармақ жұтылар, Біз қазақпыз ішімдікке қымыз тұтынар ! 2 Бұл біздің әуен, дәл дабыл қақық, ерекше ережемен нәр сөзін таптық, Үнін тыңдап пәктің, Қазақ иесі ең жоғарғы, жоғарғы таптың Батырлар көп бүгін, ел үшін төкті кім? Мал-жанын қиғандар шашыратпас көбігін, Жақсы ит ешқашан көрсетпейді өлігін, Ал сенің өнімің, өлсек дейді дәл бүгін. Қобыздың үніндей тербеймін термені, Шимақсыз парақта түсті жау дәрмені, Дәл мені түсінер, саналы бар арада, Тып-тыныш отырар үлкен, кіші қалада. Кеше, бүгін, ертең, әлем неткен кең, Өкпе жұтады дем, уақыт санаулы әттең, Жүйесін өзгертемін, кең аспан көрпешем, Жақсы мен жаман қалайша тепе-тең? Қауіп қатер бар раста, жатырған ой баста, Жалғанды жалғанға ешқашан алмаспа, Өз елім өзегім, төсегім ұлы дала, "Бисмиллях" аталсын әр аста !