Арайланған ақ таңдай (исполнитель: BAKAY & NN BEK)
«Арайланған ақ таңдай»
Сөзі: Батырхан Дәуренбеков
Орындайтын: NNBek & Бақай
Арайланған ақ таңдай
Қаракөзім ақмаңдай
Жүрегім өз қалауын, жаңа тапқандай.
Аялашы гүлімдей
Бір қарашы күлімдей
Қалай ғана жүрсің сен, көзге, ілінбей
Қ-сы:
Бұл өмірде, бұл өңірде
Іздесем де сендей жанды таба алмаспын.
Мен өзіңсіз, бұл сезімсіз
Жүрегімде ғашық отын жаға алмаспын.
Ей-хей, өзіңсіз өмір бекер-ей,
Ей- хей сезімсіз мәнсіз өтер-ей.
Ей-хей, ардағым, арманым сен,
Ей-хей, бақытқа бірге жетер-ей.
Бақытыңды іздесең
Үмітіңді үзбе сен
Махаббатың табылар, достым, бізге сен.
Жүрек сырын айта алмай
Жаныңда жүр байқалмай
Қарапайым қыр гүлі, сенсіз, жайқалмай...
Қ-сы:
Бұл өмірде, бұл өңірде
Іздесем де сендей жанды таба алмаспын.
Мен өзіңсіз, бұл сезімсіз
Жүрегімде ғашық отын жаға алмаспын.
Ей-хей, өзіңсіз өмір бекер-ей,
Ей- хей сезімсіз мәнсіз өтер-ей.
Ей-хей, ардағым, арманым сен,
Ей-хей, бақытқа бірге жетер-ей.