Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... ♥ (исполнитель: Мұқағали Мақатаев)

Сүйіп те тұрып, сүйікті болып, 
Сетінеп жаным, шерленем, 
Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі, 
Әлі де сүйіп көрмеген. 

Адасып барып, таласып-талып, 
Сүрініп, сосын, ес кірді. 
Адамның нағыз бақытты шағы – 
Сүймеген кезі ешкімді. 

Жылынып барып, жұлынып-жарып, 
Жүрек көзінен жас тамад. 
Махаббат оты тұтанған күннен, 
Бақытсыздықтар басталад. 

Көрінбес көзге елесті қуып, 
Көңілді, сосын, бір демдер. 
Адамның бәрі сүйіскен сәттен, 
Бақытын іздеп жүргендер. 

Санасы әбден ескірген деме, 
Санама жасық, пасыққа. 
Бақытты болғың келсе егер, досым, 
Сүюге онда асықпа! 

Адастым дей бер, адамның бәрі, 
Бақытқа сендей асыққан. 
Бақыттымын деп айтпайды бірақ, 
Себебі, олар – ғашықтар! 

Өзім де – тұтқын, шыға алмай келем, 
Жүректей жұқа бөлмеден. 
Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі, 
Ешқашан сүйіп көрмеген.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
The Parlotones Stardust Galaxies  The Parlotones Giant Mistake  The Parlotones Bird In Flight  The Parlotones Sun Comes Out  The Parlotones Play On  The Parlotones Solar System  The Parlotones Side Of The Moon  The Parlotones Disappear Without A Trace 
О чем песня
Мұқағали Мақатаев - Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... ♥?
user_21448 11 Feb 19:30
Өмірдегі сезімдерді түсінбедім, Өкінгенім болмасыншы бұл менің. Көпті көрген, көпті білген болсамда, Сезімімді түсінбеген күйдемін. Барлығында ұмыттырған уайымның, Өзгергенін байқап жүрмін жайымнын. Оны көрсем көтерілетін көңіл-күй, Өзгеріпті бастауы болып лайым мұң. Жүрегімді құлыптап жауып кеткенде, Құлыптын кілтін өзімен алып кеткен бе? Өзгелерге айқара ашсам деп едім, Ашалмадым ашып көргем өткенде. Ақыл-ойым Сезімімді басқаруды білмейді, Жүректерге неге әмір жүрмиді? Өзің жапқан құлыбыңды өзің аш, Саған бола әуреленгім келмейді! Боданов Алтынбек
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен