Желсіз түнде жарық ай (исполнитель: Толкын Забирова)

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың, жаны — терең сай, 
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы 
Сыбырласып өзді-өзі. 
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырығып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып, 
Дем ала алмай дамыл қып, 
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгелiп
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Walk On The Thin Line Eskimo Callboy  Маша собко я люблю тебя  Ты и я половинки МИНУС Новая  Lumen новый день  Про Есенина  Повалий Любимый мой  Триада сука  Перевод ev chistr 
О чем песня
Толкын Забирова - Желсіз түнде жарық ай?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен