Senin kozin (исполнитель: MuzArt)

Мен Қазақпын 
 [bad word]  [bad word] men_qazaqpyn (Нағыз ұлтжандылар отауы)

Сенің көзің түпсіз терең,
Тұңғиықтан жаралған.
Сонда жатыр менде жүрген,
Орындалмас бар арман,

Сенің жүзің көкте күннен,
Жерде гүлден нәр алған.
Шашың сенің жан баспаған,
Жапандағы қара орман.2

Қас-кірпігің қарлығаштың,
Қанатындай қап-қара.
Үлбіреген жүзің сенің,
Ақ жібек пе, мақта ма?

Әсем басың әп-әдемі,
Мүсініңе шақ қана.
Шиедейін еріндерің,
Қызарып тұр шоқтана.2

Толықсыған тұла бойың,
Шыбық па екен, тал ма екен?
Бейнең сенің баяу атқан,
Жазғы шұғыла таң ба екен?

Күлкің сенің шашылған нұр,
Сөзің кәусар бал ма екен?
Бұл ғаламда сенен асқан,
Сірә біреу бар ма екен?!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Он уходил она вслед кричала  Laura marling little love caster  Between the Buried and Me  Небо - это я  Kap Bambino  My live be like  Skayfol 
О чем песня
MuzArt - Senin kozin?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен