Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Үш-қоңыр Алатаудың қойнауында Әкемнің ізі қалған жайлауында Қасқа су гүр-гүр тасып, гүл еркелеп Арқарлар жайылатын аймағында Қайырмасы: Ай Үш-қоңырым туған жерім Рахым нұры тұңған жерім Ай Үш-қоңырым тал бесігім Жүрегімде мәңгі есімің Бұл жерде тарих сырдың сыбыры бар Бабалар тұлпарының дүбірі бар Бұл жерде Жамбыл жәкең өлең айтқан Өнердің, ақындықтың тұғыры бар Қайырмасы: Ай Үш-қоңырым туған жерім Рахым нұры тұңған жерім Ай Үш-қоңырым тал бесігім Жүрегімде мәңгі есімің Шыңдары Төле бидің қалпағындай Жазира жасыл әлем алқабындай Жуасы, қарақаты, бүлдіргені Әжемнің шекер қосқан талқанындай Қайырмасы: Ай Үш-қоңырым туған жерім Рахым нұры тұңған жерім Ай Үш-қоңырым тал бесігім Жүрегімде мәңгі есімің Көрінер сонадайдан анық маған Шыңында қырандары қалықтаған Қыранның самғауына құмар қылып Туыпты ұландарын алып далам Қайырмасы: Ай Үш-қоңырым туған жерім Рахым нұры тұңған жерім Ай Үш-қоңырым тал бесігім Жүрегімде мәңгі есімің