Төзімді бол! (исполнитель: Maximum, ШYNGYS, ReeGa)

Төзімді бол

1-куплет: Maximum
Өмір қиын, менің тізерлегім келмейді,
Алдымызда не күтіп тұр, оны ешкім білмейді.
Бұл өмірде күреспеген ғана жеңілмейді,
Бірақта күреспеген жеңістің дәмін көрмейді.
Тарихты мен жазсамда, тарихта қалғаным жоқ,
Себебі шабыт сиясы әлі таусылған жоқ.
Жеңілісті де көрдім, талай рухани өлдім.
Сондықтан білем қадірін қолдағы жеңістің.
Төзімді бол, сонда ғана ашылады жол,
Бізді тоқтата алад өлім немесе темір тор.
Бейбіт соғыс ардагері, қолымда MIC,
Толғайды сендерге жырын аты шулы MC!
Мақсат – болған соң мақсатыма жетем!
Maximum болып қалаларды тербетем!
«ASH ҚaZaҚ Pro» – төзімді адал бауырлар!
Бақытқа лайық бәрі, кеудесінде жаны бар!

2-куплет: ШYNGYS
Иә, бәрі жақсы болатыны сөзсіз,
Өлімді ойласамда өмірге ғашықпын ессіз.
Тапаншамдағы оқ – музыка ноталары,
Соқпаймын, бұзамын бақыттын қақпаларын.
Жеңімпаз ешқашан болмайды қанағатшыл,
Шотым толы болу қажет қағаздарға жасыл.
Шаршамадың ба ата-анаңа болып масыл?
Сүмелек болма атом бомбасындай жарыл!
Жеңіліс таппассаң қадірі болмас жеңістің,
Өмірді сүйе тұра өліммен сүйістім.
Достарың көп болсада бәрібір жалғызсың,
Бақытсыз болсаңда сені біреудің бағысың.
Көбелектей бәріміз ұмтыламыз жарыққа,
Қатігез болсақта сенеміз жақсылыққа.
Әрқашан жамандық боп қайтады жақсылығың,
Төзімді бол тоздырады сені тағдырың.

3-куплет: ReeGa
Білемін шаршадың көңілсіз әндерімнен,
Бірақта менің жүрегім жүрмейді әмірмен.
Ардагері емеспін өмір деген соғыстың,
Қатардағы жауынгер, өз өзіммен алыстым.
Адам болған соң қателіксіз болмайды,
Жалған үмітің сені сайтандай арбайды.
Ер жүрек емес, сабырлығана сынбайды.
Тәуекелге бел бумаған бақытты болмайды.

Әлі есімде олардың күлгендері маған,
Рухым сынып, армандарым болды күл талқан.
Әлем түнеріп көңілім қалды адамдардан.
Өз әлемімде мен қамалдым басқалардан.

Қайырмасы:
Төзімді бол, бауырым,
Тағдыр сынайды барлығын.
Жарыққа ұмтыл, досым,
Құдай саған жар болсын!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Салават фатхетдинов энием  Джанмирзоев-любовь живет 3 года  Инь-янь не отпускай моей руки  Finger family Английские песенки для малышей  Да я выпил а кто сейчас не пьет  Нейтральные воды домино  Трогательный комплекс эдинг  Возраст - я не хочу тебя терять 
О чем песня
Maximum, ШYNGYS, ReeGa - Төзімді бол!?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен