Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Бақыт деген – сенің бала күндерің, Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің. Бақытын да, басқасын да білмеуің, Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің. Бақыт жайлы менің мынау білгенім. Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң. Бақыты сол – тәрік етіп түндерін, Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім. Бақыт деген – әркімдерде бір арман, Сол арманның шыққан жері құмардан. Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір – Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң. Бақыт іздеп, мал бақ, мейлің тас қала, Бірақ, балам, мынаны естен тастама: Бақыттысың, бақыт іздеп сорласаң, Бақытты боп сорлап жүрсең, масқара! Бақытың – мен, бақытым деп біл мені,