Бегімайдың жыры (исполнитель: Саят Медеуов & Ақбота Керімбекова)
Бегімайдың жыры Әнін жазған: А.Чойбекова Сөзін жазған: Сардарбек Жұмалиев Бүлдіргендер мөлдіреп піскен кезде, Тау бұлағын тамсана ішкен кезде. Самал желмен тербелген тал қайыңдар, Бақ ішінде мен сені күткен кезде. Қайырмасы: Махаббатым сізге арналады, Махаббатым сізге, Тағдырым да сізге арналады. Бал аралар гүлдерге қонған кезде, Алатаудың бал шөбін сорған кезде. Құсалықтан қуарып ақ жүзіміз, Арамыздан көп күндер өткен кезде. Қайырмасы: Махаббатым сізге арналады, Махаббатым сізге, Тағдырым да сізге арналады. Көңіліңе гүл сыйлар көктем, күзде, Көздеріңді кірпігің өпкен кезде. Ең алғашқы жолыққан кештегідей, Аспандағы алтын ай туған кезде. Қайырмасы: Махаббатым сізге арналады, Махаббатым сізге, Тағдырым да сізге арналады.