✔ 04. Ұмытылған сөздер (ASPAN LP)♪ (исполнитель: Неизвестен)
✔ QARAKESEK – «Ұмытылған сөздер» [2017] #текст Күндер құс секілді, өмір түс секілді өтуде, Тірі болсақ, алда небір жағдайлар күтуде. Бағынбай кетіппіз Тәңір қойған үкімге, Өзгерткен пендені – өзгерген үкімет. «Аспан»-ыма алақанды жаймағалы біраз болды, Негізі «аспан»-ымнан сұрап аларым біраз ғой. Ұмытып кете берем өмірдің сынағы екенін, Есіме түскен сайын дейм өзіме «Шыдап өтемін». Өмір – ойын болса, онда мен ойнай берем, Мына жақ жалған деген сайын ол жақты ойлай берем. Көргім келеді әлемді, жаратқан Жаратушымды, Мені қорғайтын періште болса, қанаты сынды. Жүрек бір қалыппен соғудан қалып барады, Уақыт өмірге әкеліп, өлімге алып барады. Қара жерге қамалатын күндер өте жақын, Анамды ойлайыншы, Тәңірім, көрде жатып. Қайырмасы: (2 рет) Ұмытылған сөздер, Ұмытылған көздер. Тұман басып көзімнің алдын, Бағытымды жоғалтып алдым. Ұйқы жоқ, түнгі сағат екі, Жатыр қарны ашып бір жетімнің. Кейде сынақтың өзі ауыр, әділетсіз, Тағдырдың өзі жасайды әлсізге әлімжеттік. (с*ка!) Дәл қазіргі хәлімді ешкім ұға алмайды, Адамға айналдым ойға кіріп, қалған шыға алмай. Көз алдыма өтіп кеткен жылдар, айларым келді, Үзілген үміттерді қайта жалғап байлағым келді. Уақыт барады асығып, өткен шақты жасырып, Бала күнге ораламын ойдың ішіне жасырын. Бәрі есімде, әке, ештеңе ұмытпадым, Бұзып өтіп кеттім өткен шақтың құлыптарын. Әкетайым-ау, өкпелемеші ұлыңа, Жүрген жанмын жалғанда Жәннатыңды армандап. Әкетайым-ау, өкпелемеші ұлыңа, Жүрген жанмын жалғанда Жәннатыңды армандап. Қайырмасы: Ұмытылған сөздер, Ұмытылған көздер. Тұман басып көзімнің алдын, Бағытымды жоғалтып алдым...