✔ 01. Intro (ASPAN LP)♪ (исполнитель: Неизвестен)

✔ QARAKESEK – «INTRO» [2017]
#текст

Тоқтамайтын уақыттар білінбей өтуде, 
Бәрі асығыс, қайда және неге беймәлім. 
Бірі тым бақытты, бірі тағы – жасын сүртуде, 
Ал мен болашаққа қарап өткенімді қимадым. 
Кей сәтте оны да әлсін-әлсін еске аламын, 
Жанымды жұлқылаған бұл да бір сағыныш, шамасы. 
Таңдағандай күй кештім кезінде мыңнан дарасын, 
Ал енді көбін көргенде тіпті үнсіз қалам. 
Бұл жалғыздық – бәлкім, сыйлық қайғының орнына, 
Барлығын өзгертер едім, әттең, келсе қолымнан. 
«Бәрібір де басталған нәрсенің анық соңы бар» 
Деген сөзбен терең ойда ұзақ қараймын жолыма. 
Адамдар қателесуден қорқады, ұққаным жалпы, 
Бірде жадыраған жаз, ал бірде күз, көңілде салқын. 
Міне, сол сәт те келді арманыма басар қадамым, 
Енді маңызды емес бұған дейін ненің болғаны. 

Қайырмасы: 
Қас-қағым өтер өмір де, 
Үміт артып келемін көгіме 
Көзімді салып, өзімді танып. 
Кеше, бүгін, ертеңіме 
Қолымнан ұстап жетелеген бұл – музыка, 
Музыка, музыка. 

Жанрдың заңын бұзуға келген МС-дің талабы, 
Мен жаяу жүргінші «Арман» атты үлкен жолдағы. 
Міне концерт, мен қалаған тыңдарманға лық толы, 
Ағысқа қарсы жүзгісі келген адамның жолы. 
Барлығын тастағым келді, бірақ микрода қолым, 
Жиылған жұрттан байқағаным қалайтындары – solo. 
Ойымда алғашқы сөздер, міне басталды нота, 
Бұл жайлы нашар ойлайтындардың миларына – ТАҚ! 
Бұны естісең, соңына дейін тыңдашы, 
Менің сөздерімді бекерге зая қылмашы. 
Сенің уақытың мен мазаңды алып жатсам, айып етпеші, 
С*ка, ашуланбашы, хех! 
Көңілде көктемге күз оралып мазалады, 
Тастағым келеді мидағының бәрін тазалап. 
Мен пендемін қалған жастайынан құлыптанып, 
Уақыттың жылдамдығын сезіндім де, тұрып қалдым. 

Қайырмасы: 
Қас-қағым өтер өмір де, 
Үміт артып келемін көгіме 
Көзімді салып, өзімді танып. 
Кеше, бүгін, ертеңіме 
Қолымнан ұстап жетелеген бұл – музыка, 
Музыка, музыка. 

Мен тек қайтадан оралмас жалғыз көктемді сездім, 
Жанымды жұбатқан нәрсе – мұнда Hip-Hop-тың бары. 
Депрессиялық рэп-шумақтарымда бала кезім, 
Бұл – толықтай есімнен адаспауым үшін дәрі. 
Менің әлеміме түкіргендер бір жола кетсін, 
Мен де оларды мәңгіге жүрегімнен босаттым. 
Мені жек көргендер менің де көңілімді сезсін, 
Адамдардың арасында жүрегімді жоғалттым. 
Барлығына нүкте қойып, микрофонды қайтадан алдым, 
Мен бұл мұңнан жан жарамды жазатын жай табамын. 
Ішімнен ойыма келген сөздерді қайталадым, 
Толық түсінгенім – мен өзгермеймін, сайтан алғыр!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Мальчики-Чики-Мальчики Чики чики Девочки-Чики-Чики  Наутилус Помпилиус На Берегу Безымянной Реки  Я не верю что ты уходишь от меня сейчас Милана  Пелагея Анастасия Титова Рагда Ханиева - Конь  Мурат халидов не могу забыть твою улыбку  Мы убиты в гавно и таких как мы полно НЕБУHIGH 
О чем песня
Неизвестен - ✔ 01. Intro (ASPAN LP)♪?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен