Сен кеткенде (ft. ALAKAI) (исполнитель: QARAKESEK)
Өзіңмен өткен бір күнім, білесің бе, Барлық өмірімнен әдемі, жаным, сенесің бе? Сол күндердің көнгім келмейді қайта келмесіне, Бәрі біткені анық, тырысам мен несіне? Деп жүректі тоқтатамын қайғыра бермесін деп, Жүрегімді байлап қойдам қайтадан ермесін деп. Өзіңе аяғым қайтада келмесін деп Ойлап едім, жауабы – айрылу есімнен. Жаным, қолдарың бейтаныс адамда кетті, Қалайша жолдарың бейтаныс адамға жетті? Қалайша күйінбеймін, жалғыз жүрек қояр емес, Сен маған «оян» деші, оятпай қоя бермеші. Жүректі соя бермеші онымен құшақтасып, Мендік сезімді өлтір, өтінем, пышақташы. Көзіме көрінбеші содан кейін, Ал мен сабыр етейін, жаным, оған дейін. Қ-сы: (х2) Гүлім менің, жүрегімде едің, Күлімдеп тұрып бір сәтте бүлінгенің Жүрегімді тілімдеді. Өзіңе арнадым талай әнді, «Сүйем, күйем», жүрегім қалай жанды. Бақыт қолымыздан ұстап жетектеді жоғары, Аяқ асты бітелді махаббаттың жолдары. Саған қарай ұмтылдым, қолдарым жаураса да, Жүрегім жаурамады, уақыттар алмасса да. Кіріп кеттің құшаққа, өзге құшаққа, Қазір ұмытқың келеді жүрегімді құшақтап. Отырмын бұрынғы кезді еске алып, Жыламас еді жүрек, қойдым ба деп кеш қалып. Махаббат ол не, қазір ұмытып қалдым, Сен сыйлаған сезімің қазір далада қалды. Бағала қолдағы барды, бағала әрбір таңды, Абайла, алданып қалма тағдырға, жаным, қаңғып. Бақыт басыңнан ұшқан күні сен өкініп қаласың, Уақыт өткен сайын өртеніп жоқ болып барасың. Қ-сы: (х4) Гүлім менің, жүрегімде едің, Күлімдеп тұрып бір сәтте бүлінгенің Жүрегімді тілімдеді.