Болайык бирге (оригинал минус) (исполнитель: Куандык Рахым & Альбина Шардарова)
Ай, сұлу қыз, қалың қалай, Көңіл ауды саған қарай, Енді жібермеймін оңай. Тілегіңіз тағы дос па екен? Жүрегіңіз әлі бос па екен? Кешіктім бе қап-ай, білемін қалай? Сері жігіт болшы абай, Сендейлерді көргем талай. Сәл-сәл асықпаңыз олай, Жүрегіміз кілтті жұмбақ қой. Оны ашу сізге қымбат қой, Өз еркіңе қарай, Ашасыз қалай? Ашып алам оңай, жолы керек, Ғашық адам солай болу керек. Бір арманға күндей толу керек. Екі жүрек бірдей соғу керек. Көзімізді жатқа сыйламай, Өзіңізді босқа қинамай, Айырылмай мүлде, болайық бірге. Көзімізді жатқа сыйламай, Өзіңізді босқа қинамай, Айырылмай мүлде, болайық бірге. Қабағыңа қонған Күн-Ай, Жанарыңа толған шырай. Сені, шүкір берген Құдай. Сезіміміз тәтті ертегі ай, Еркелеген менің еркем-ай, Бақытты талай, көрейік ары қарай. Қылығыма жүрсең шыдай, Бақытты боламын ұдай. Мені, еркелетсең былай. Сен боласың менің серім-ай, Мен боламын сенің теңің-ай. Әнімді арнай, жүрейін қалмай. Бәрі лайық бізге бағымыздан, Арылайық жалғыз шағымыздан. Сағынайық ойлап таңымыздан, Табылайық әр кез жанымыздан. Көзімізді жатқа сыйламай, Өзімізді босқа қинамай, Айырылмай мүлде, болайық бірге. Көзімізді жатқа сыйламай, Өзімізді босқа қинамай, Айырылмай мүлде, болайық бірге.