Жанымда бол (исполнитель: Бауыржан Нуршарип)

[bad word] bauyrzhannur
instagram: @bauyrzhannur

Жүрегіңнен алып бaр уайым
Жыласаң егер жұбатайын
Күндіз күнің, түнде боп айың
Жаныңда боламын әрдайым

Сен де болшы менің жанымда
Сұрарым өзіңнен сол ғана
Жүрегімнің кілтін ұсындым
Сақташы мәңгі сен жадыңда

Қайырма:
Жанымда бол менің болса да сынақтар
Жанымда бол бірге жетейік жұмаққа
Жанымда бол жарты жолымда құлатпай
Ешқашан жіберме, ұсташы қолымнан

2.
Жүрегімнің тыныштығына себепкер өзің
Алыс болғаныңда сағыныштан табылмас төзім
Бәріне жетті көзім, маған керек тек сен ғана
Өзіңмен жетсем деймін, қолұстасып армандарға

Сен де білесің өзіңе деген сезімімнің сырын
Түссе де арамызға қаншама пенделердің сөзі
Жарылқасын біздерді бір ғана Тәңірдің Өзі
Жанымда бол жарығым сенен сұрарым осы

Сен де болшы менің жанымда
Сұрарым өзіңнен сол ғана
Жүрегімнің кілтін ұсындым
Сақташы мәңгі сен жадыңда

Қайырма:
Жанымда бол менің болса да сынақтар
Жанымда бол бірге жетейік жұмаққа
Жанымда бол жарты жолымда құлатпай
Ешқашан жіберме, ұсташы қолымнан
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Nana Ah Ah  Awake and  САВИЧЕВА BELIEVE  СЕРГЕЙ БАБКИН - Хорошо  Холод паркур  Бьянка ногами  Я один из них 
О чем песня
Бауыржан Нуршарип - Жанымда бол?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен