ФАНАТИЗМ | .comkzrapkz (исполнитель: QARAKESEK FT KARZHAU)
Фанатизм Телефон сөндіріліп,ми тынышталды «Әлем сенікі» деп тыныштық дыбыстады. Маған жету – мақсатың болса, тырыспашы, Музыка жасау үшін ойыңды дұрысташы. Мені танымайсың, мен сені танымаймын, Мен сенде шаруам жоқ, достыққа дарымаймын. Алтынды көрсе, періште жолдан таяр, бәлкім, Ал мен періште емеспін, қа*м саған алтын. Түймелер ағытылды түн ортасы, Он сегіз жас, азғырма қыздарды, бәрін құртасың. Жаратылған пендесін Жаратқан қолдасын, Менің ауылымда қуып кеткен ауылдың молдасы. Хабар көп қалада, хабар жоқ ауылда, Ауылда ермек сол – көк теру, ауыр таң. Өмір күлкілі, күле біл, ауырма, Қиналып өмір кешкен құрметті бауырлар. Қ-сы: Өмір – фанатизм, фанатизм, Өмір- фанатизм, өте тар сана-сезім. Өмір – фанатизм, фанатизм, Ақымақ екеніңді сезін, ей, фанатизм. Өмір – фанатизм... Сана-сезім неге төмен?.. Өмір – фанатизм... Сен де сезін оның бәрін. Е-е-е, өмір қысқа, Құлақпенен тыңда, айтарыңды сосын ымда. Дым да саған жеткізбейді, өмір өсек тасымайды, Өкпелеме, жалған досыңдай артыңды жасырмайды ғо. Көзбенен көріп, сөзіммен маңыздысын өріп жеткізем, Ақиқатты саған, сірә да, жалпы санақ тілімде өлік. Тірідей өліктер де адал өмірге үміттенуде, Үріп келуде көшелік ақын күшіктер. Азық етіп құсып берді үлгісі жоқ шарлатан, Соны үлгі тұтқан жас балаң бүгінде есалаң. Енді қабылда тек айтқанымды санаңа да қарай шешіп айт, Айтарың болса, айт, брат, жеті рет өлшеп бір рет кесіп айт. Судың да сұрауы бар, Сасық санаға лайықты – тек қана сасыған тауар. Бар, енді тауып ал өзіңді жоғалған, Қоқыстың арасынан, менен сәттілік саған әрқашан. Қ-сы: Фанатизм, өмір – фанатизм, Өте таяз сана-сезім. Өмір –фанатизм, фанатизм, Ақымақ екеніңді сезін, ей, фанатизм. Өмір – фанатизм... Сана-сезім неге төмен?.. Өмір – фанатизм... Сен де сезін оның бәрін.