Тəубе (исполнитель: QaraKesek)
Сансыз шүкір , ризығыңа тəубе етем Қол аяғым сау, емес еш жерім кем Ата анам бар жетім болып өспегем. Төменге бір көз салсам қиындықта көрмегем. (Мен) Атанаммен баурыларым қасымда Өміріме нені айтып ашынам Шүкір етпей неліктен мен тасынам Күпірлік етсем кешір жаратқан Жол көрсетіп жарық бердің санама Айналдырдың көзі ашық адамға Қауымдардан алшақтатып адасқан Көзімді аштың , ЖАРАТҚАН Тəубе жаратқаным кешір Тəубе уақыт бергенің үшін Тəубе дұрыс жолға салғаның Я құдайым сені көру арманым Тəубе, тəубе.... QARAKESEK PART: Білмейм(ін) бір түрлі көңіл-күй жиі мазалайд(ы), Тағдыр тапқан екен адамды жазалайтын. Түсінгенім Сəжде ғана жанды тазалайтын. Қалаймын Əке үйде тұрғаныңды Азан айтып, Өзгерші, өзгертші бізді өзіңменен қоса, Есіңе алш(ы) Жаратушыны бір сəт болса. Уақытты зая тауысып дегім келмейд(і) əттең, Қу дүниеге алданғым келмейді Əке. Алданбашы сенде, алдансаң менде алданам(ын), Анам екеуіңе жүрмін Жəннəттан жайды армандап. Үмітім бар Əке, үмітім үзілмесін, Əкетайым қу дүние үшін күрсінбеші. Əке сен қандайсың, менде сондаймын, Мен сенің туған ұлыңмын саған аумайтын. Қасымдасың Əке, мен саған қарап өстім, Сендегі тұйық мінез менің басыма көшті. Əке, Əкешім-ау, Түнек əлемде Жарық беретін сенсің күнім-ау! Əкешім-ау.