Сен ушин жаралгандаймын (исполнитель: Мейрамбек Баспаев)

1.Жете алмай саған тіл қатып
Жүректің мұңын тыңдатып
Сағыныш болып кеудемді
Таба алмаймын бұл уақыт
Өртенген сезім бойымды
Қанымды қызу тулатып
Жанымнан бір сәт табылса
Мен үшін сол да бір бақыт

Қайырмасы

Жанымды тербеп балдай мұң
Әнімді саған арнаймын
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын
Құс болып самғаймын
Іздеуден сені талмаймын
Мүлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын

2.Теңіздей тулап тамырым
Таусылды төзім сабырым
Жанымды менің шөлдетпей
Нұрыңды төкші-ай жарығым
Жабырқап жүрген көңілді
Жазатын сенсің дәруім
Сүюмен өтсем өмірде
Арманым бар ма аруым

3.Сырғумен өтер сағым жыл
Оралмас қайта шағың бұл
Жылуын аңсап сезімнің
Жаураған менің жаным жүр
Еліктей сұлу бейнеңмен
Еріксіз мені бағындыр
Сарғайтып менің жанымды
Сағындым сәулем сағындым
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Low Fear  Low Lullaby  Low Sea  Low Down  Low Sunshine  Low Monkey  This Is A Lie The Cure  Low Silver Rider 
О чем песня
Мейрамбек Баспаев - Сен ушин жаралгандаймын?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен