(11A / 2012-2013) (исполнитель: AKTL Abylai Shukhrat Aslan)

Abylai Shukhrat Aslan
Арнау

..Атырау қазақ-түрік лицейі 
2012-2013 жылғы түлектері
11А сыныбы..

(Abylai)
Лицейім, өтті бір бөлігі өмірімнің
Желдей ұшты уақыт 5 жылдық мерзімімнің
Лицейдегі күндеріміз қалды міне артымызда
Сол қызықты кездерге оралмаспыз енді қайта

Нағыз достар кездестірдім КТЛ-дің арқасында
Достық деген бақыт қой таусылмайды ешқашан да
Алдарыңда түлектер ел ертеңі қолында
Оқимыз, білім қуып болашақтың жолында

Тараймыз сан жолдарға, сапарға аттанамыз
Жарасақ қажетіңе, туған ел шаттанамыз
Балалық шағымыз осымен аяқталады
Лицейім, қош бол енді түлектерің ән салады

Қайырмасы: (Shukhrat)
Алтын ұя мектебім,
Қоштасамын кетемін.
Қай қиырда жүрсем де
Сағынышпен жетемін

(Shukhrat)
Біліммен сусындадық лицей қабырғасында
Думанға толы күндер өтті міне осында
Шәкірттерің қимайды көздерінен жас тама
Анасындай тәрбиелеген ұстаздарын қаншама

Айтылатын алғысым көңіліме симайды
Оқушылар ұстаздарын осы сәтте қимайды
Шартарапқа кетсек те жүректе мәңгі сақтармыз
Лицейдің артқан үмітін әрбіріміз ақтармыз

Қуаныш пен қайғыда бірге болған абиге
Біз ризамыз әрине айтамыз алғыс сізге
Абилер орны бөлек оларға үлкен құрмет
Ұмытпаймыз сіздерді айтамыз сізге рахмет

Қайырмасы.

(Aslan)
5 жылым да өте шықты көзді ашып жұмғанша
Сол жылдардың ішінде қызық болды қаншама
Білім берген мектебіме алғысым менің шексіз
Үлгі беріп үйреткен тәрбиешім өзіңсіз

Қадам басып өмірге ұядан ұшып барамыз
Осы өлең жолдарын мектепке біз арнаймыз
Уақыт та келді міне қоштасатын өзіңмен
Мектебімнің қабырғасын еске аламын сағынышпен

Қазақ-түрік лицейі өзіңді мақтан тұтамын
Кетеді үлкен жолға алғашқы менің қадамым
Бітіретін түлектерге тілейтінім ақ жол
Айтуға тура келеді мектебіме қош бол!

Қайырмасы.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Тимур-о аллах1  Ebullient future ef - a tale of melodies OP  Ranbu no Melody Bleach OP13 SID  Вспоминая о тебе  Отец мой и мать  The Happy Song Билайн 2014 OST Scrubs Kate Micucci  Centr- время  09 - YOU YUI 
О чем песня
AKTL Abylai Shukhrat Aslan - (11A / 2012-2013)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен