Бір көш кетіп барады (исполнитель: Серiлер тобы)
[bad word] [bad word] men_qazaqpyn) Бір көш кетіп барады Бір көш кетіп барады, көсемі көп, Тұлпары аз бұл көштің, есегі көп, Қанағатсыз, тойымсыз, пәс пенделер, Аларың көп қайейін, есебі жоқ. Бір көш кетіп барады, батыры көп, Балтасы бар қолында , ақылы жоқ, Мырзасынып біреулері мырс-мырс күліп, Мадақ айтқан қасында "ақыны" көп. Бір көш кетіп барады, дана жоқ, Ілескен жұрт артында панасы жоқ, Бір бай кетіп барады, кердең-кердең, Қатыны көп қасында баласы жоқ. Бір көш кетіп барады, жиғаны көп, Жұртқа тастап қалғанын симады деп, Ата-анасын зарлатып, еңіреткен, Ұрпақ кетіп барады иманы жоқ. Бір көш кетіп барады, түйесі көп, Белгісіз мына көштің иесі жоқ, Бір сөз кетіп барады, желмен ұшып, Киесі жоқ тыңдайтын, жүйесі жоқ. Бір көш кетіп барады, күмесі көп, Омырауы ашық қыздардың, түймесі жоқ. Сақалсыз шал, кемпірлер кимешексіз, Оймағы жоқ қолында, инесі жоқ. Бір көш кетіп барады, тілін білмей, Жаратқанын танымай, дінін білмей. Бір көш кетіп барады міне осылай, Бірін білсе жалғанда, бірін білмей. Қолдаса деп бір Алла елімізді, Бабадан қалған мұра жерімізді. Қасқыр намыс, қой мінез, қайран қазақ, Бірлікке төгейікші терімізді.