Елге сәлем (исполнитель: М.Бесбаев & А.Қоразбаев)

Сөзi: А.Асылбеков

Ағайын, туған, армысың!

Қарттарым қыран, бармысың?

Қиядан көздi тартатын,

Сендерсiң құзар қарлы шың.

Елiмнiң болса қарты бар,

Асқарлы таудай дәрпi бар.

Үлкендi сыйлап, құрметтеу – 

Қазақтың ата салты бар.

Болсыншы аман атамыз,

Болсыншы аман апамыз.

Тiлеген дәйiм жақсылық,

Болсыншы қабыл батаңыз.

Армысың, абзал ағалар,

Ағалар – жарқын жағалар.

Сендердей асыл болмаса,

Бiздердi кiмдер бағалар?

Армысың, ерке жеңгелер,

Жеңгелер – елге өң берер.

Береке, байлық бастауы – 

Сендерге кiм бар тең келер?

Армысың, құрбы-құрдастар,

Сыр мiнез, сырлы сырластар.

Сендердей серi болмаса,

Тамаша, тойды кiм бастар?

Армысың, балғын iнiлер,

Ағалап алдан жүгiрер.

Iнiсi кiмнiң бар болса,

Өнерi өрлеп, iрiлер.

Армысың, қарындастарым,

Ақ тамақ қарлығаштарым.

Сағынып келдiм сендердi,

Дарынды жалын жастарым.

Жалынды сәлем жалпыңа,

Бас ием ата салтыма.

Қуана қарсы алатын,

Ризамын туған халқыма.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Стрелец  Guf на пол  Karma Korn  Киркоров я поднимаю свой бокал  От тебя Sunsay  Magnum бредовый сон 
О чем песня
М.Бесбаев & А.Қоразбаев - Елге сәлем?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен