Кете бер (исполнитель: MuSlim)

КЕТЕ БЕР
[1-куплет]
Нәп - нәзік еркем жан тәнімді еріткен,
Жылы деміңнен маған ем біткен.
Қалсам да еңбектеп жетер ем жаныңа жақындап,
Алыстамашы саған жалынам!
Жалғыз жабығам батып терең ойға,
Аш сезімнің өзін келеді сойғым.
Ханшайымым бұзып сертті, у септің, соңында жүрек кепті.
Жұдырықтай кеудедегі ет толы дертке,
Ақымақ басым сені сүйіп оған гүл еккен.
Ұзын көйлекпен жүруші едің алдымда,
Енді керексіз жағдайда қалдым ғой.
Қоймады-ау алып кегін баянсыз махаббат та,
Кешірмей қос ғашықты, аяусыз қаһар атқан.
Таясам таһаратқа, қысады тығырыққа,
Түбегейлі байқұс жаным зардап шекті сығылып та.
Қ-сы:
Неге ұзап кеттің, алдадың,
Жанымда да бір сәтке де қалмадың?!
Мейлі еркің білсін кете бер,
Көнемін болмаса да ертегідей...
[2-куплет]
Неліктен жауапсыз сезім ерікті жия алмайды,
Сүйген жанын ешкімге қия алмайды.
Тағат таппай әрдайым, әр сағат сайын соны ойлайды.
Сені ренжіткен жанды қанаймын жыртқыш аңдай,
Бір қадам басып өзіңе қарай жақындаймын.
Табиғи мүсініңе қараймын тоқтамай,
Құс болып ұшамын саған қос қанатым талмай.
Алыстасаң жатпай түн ұйқымды алдаймын,
 Тартсадағы нәпсім зинаға оған бармаймын.
Әндерімді айгерімдей тек саған шын жүректен арнаймын.
Арманыммен қосылмасам мені есімнен айырады,
Қолым жіпсіз байланады.
Бақытты қалаймын ұмыта тұра Құдайды,
Бірақ маған ол да бұйырмайды...
Қ-сы:
Неге ұзап кеттің, алдадың,
Жанымда да бір сәтке де қалмадың?!
Мейлі еркің білсін кете бер,
Көнемін болмаса да ертегідей...

***
Титтей де сезімің болса, көзіме менің көрінбеші өтінемін,
Еліктей сұлу еркені кездестіргенім үшін ғана сәл өкінемін.
Тынымсыз наздана өртеніп жүремін, өлген күйде жүрегім менің.
Аһһаа өлген күйде жүрегім менің,   
жүрегім менің,   жүрегім менің,   жүрегім менің...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Slim - Холодно  Pierces - sticks and stone  Спасет Бог  Rednex - Cotton Eye Joe  МС 77 
О чем песня
MuSlim - Кете бер?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен