Tagdyr (исполнитель: Orda)
Түнгі жаңбыр тамшылап тұрды жүзімізге, Жас толды кенет көзімізге, Дәрменсіз тыныс үзілді де. Соңғы үміт сөнгенін сездік өзіміз, тек Айтылмай қалмай сөзімізде өкініш енді. Жалғыз сапар шеккен өмірде Үйрендік бәріне төзуге, Суынған сезім қайта оралды көңілге. Тағдыр кездестірген өзіңмен сол күнгі Жүрекке қалдырған мәңгілік көркіңді Сүйіп өтуге, ұмытпауға уәде берем. Тағдыр бізді айырады ақыры бір күн, Қосылмаймыз мәңгілік мүмкін. Қалай сенсіз жалғыз жүрдім? Жалғастырдым сезімді соңғы жігеріммен, Жалғасы жоғын білемін мен, білемін мен. Қосылсақ та сүйген жандарға, Талпынамыз басқа арманға, Күте біз алмай, үміт артып тағдырға. Мүмкін қоштасармыз махаббат жолында, Мүмкін кездесерміз махаббат жолында, Өзге үміт пен ұмытылған сағынышпен. Тағдыр бізді айырады ақыры бір күн, Қосылмаймыз мәңгілік мүмкін. Қалай сенсіз жалғыз жүрдім? Жалғастырдым сезімді соңғы жігеріммен, Жалғасы жоғын білемін мен, білемін мен