Айнакөлім (исполнитель: Жігіттер)

Айнакөлім

Айдын көлім, ақ көлім, Айнакөлім, 
Көк жағаңды жасымнан жайлап едім
Бүгін барсам орныңды таба алам ба,
Айнакөлім айдыным қайда менің?
Ахаааааау, Ахаааааау
Айнакөлім айдыным қайда менің?
Ахаааааау, Ахаааааау
Айнакөлім айдыным қайда менің? 

Айдыныңнан аққулар кеткені ме? 
Қаз-үйректер қона алмай өткені ме? 
Кім байлады бағыңды айтшы маған, 
Арман-қайғың жүрекке жетпеді ме? 
Ахаааааау, Ахаааааау
Арман-қайғың жүрекке жетпеді ме? 
Ахаааааау, Ахаааааау
Арман-қайғың жүрекке жетпеді ме? 

Тоғайыңда адасқан қызыл елік 
Жаутаңдайды жабырқап мені көріп 
Толқымадың қайтейін, кетейін бе 
Жүрегімнің тамшысын саған беріп?
Ахаааааау, Ахаааааау
Жүрегімнің тамшысын саған беріп?
Ахаааааау, Ахаааааау
Жүрегімнің тамшысын саған беріп?
Айнакөлім айдыным қайда менің?
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Полетай со мной ещё чуть-чуть РВЖНН prod Ay Nur  NATAVAN SENIN OLDUM  Emerald Night third shade  GIRUGAMESH Fukai No Yami  Довела нас всех весна до умопомрачения DJ RICH-ART  GhettoDogs-Подкаблучник  Наруто опенинг 5 
О чем песня
Жігіттер - Айнакөлім?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен