Әйелді ер емес ар ұстайды | SMPro.kz (исполнитель: SaFFaT)
Әуелі Жаратқаннан Пайғамбардан кейінгі Құрметі жоғары әйел деген есімі Көңілі ұшан теңіздей сондай нәзік Сындырып алып болмас, жылулығыңды таныт Мойымастан ақ қарасына өмірдің Талай анамыз болған астында төзімнің Әйел дегенде әуелі еске түсетіні Сені жарыққа әкелген Анашың бүгінгі Бізді жарыққа әкеліп таныстырған Ардақты Асыл Анаң ол да әйел адам Сүрінгеніңде демеу берер қолтығыңнан Сені жақсы көретін әпшең ол да әйел адам Қорғанышын сенен күтетін қарындасың панаң Еркелейтін өзіңе ол да әйел адам Сені дара ұлы тұлға көретін жан Мәпелейтін қызың ол да әйел адам… Қайырмасы: Сөздерім өсиет болғай, санаға қалмасын қонбай Өздерін жөндеп болмай қарындастар жылаған талай Сенім менен адалдық болсын, онсыз қалар махаббат жағылмай Әрбірің арыңды сақтай біл жетіңдерші бақытқа самғай… Екі ойдың ортасында қалды қыз ең жаманы Әлімсақтан адамзаттың болды шайтан қас дұшпаны Жеңіл ой алып ұшқаны, құрбыларын сондағы Жеңілдікке құмар пенде бүгіндікте оңбады. Бір ойын ақыл қолдады арына адал болуды Құрбысына кім қойыпты жарына алдау қылуды? Ойын сауық кешке құмар құрбысының көңілі Бір жағынан сеніміне адал болған ері. Ары-бері ойланды санаулы минут ішінде Шайтан арбауының серпі енген еді өз күшіне Жоқ! (осы кезде сал пауза болад) Не істесемде не қылсам да Жаратқан назары менде Ерімді алдауға менің дәтім қалай барады екен Деп, құрбыларын шығарып салды өз үйінен Наразылық танытып кетті олар жүз кейіген. Іш-ішінен қуанды нәпсісіне ермеді Қазақ келіні көбейсін ерлеріне шын берілген.