Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Балапаным деп мені еркелеткен анашым Өмірдегі өзіңсің тіреуім жанашыр Құлының өзіңе әуенін арнасын Маматай, тек өзің жүректің панасы Жаныңнан артыұ көрген өзі туған баласын Анашым, сөзсіз білем, сен теңі жоұ адамсың Тоғыз ай толғатып, түн ұйқысын төрт бөлген Әлемдегі адамдардығ анасы жасасын! Қасиетің дария, сұйкімді ақ мамам Еркелікпен есепсіз қателік жасағам. Алдыңна ақталғам. Сен мені түсінгенсің, Сен мені сүйетіндей сүйе алмайды басқа жан. Анашым-тілеушім, әкетай қасыңда қорғаным болғанда Дәл мендей қазақ ұлын тоқтата алмас ешкім. Себебі осындай адамдардың тәрбиесімен өстім. Еркектік намысыммен, сәтсіздік-табысыммен Өмір сүріп келемін өмірдің ағысысымен, Осыған дәнекер, анам менің, өзіңсің, Еркелігімді көтерген шексіз сенің төзімің. Бұл өмірде бәріңнің де анаң бар Өмірде жоқ болса да, анам жоқ деп санама. Ол сенің санаңда, әр кез дәнекерің. Сондықтан қасыңдағы анаңды бағала. Жаным мамам, қателігімді кешірдің, Ешкімнен қалыс қалмасын деп сен мені өсірдің. Еңбегіңді ақтармын, ИншаАллаһ, реті келсе, Немереңді тәрбиелерсің, ИншаАллаһ, реті келсе. Анам менің бұл өмірде он құрсақ көтердің, Бірақ алдыңғы екі ағама Аллаһ өмір бермеді. Мен тумастан бұрын жеті қызың болып еді, Бірақ әкеме ұл тауып бергің сенің келді. Әкем мен анашымның орындалып арманы, Аллаһтың қалауымен аштым есігін жалғанның. Сенің ұлың қатты сены жақсы көреді Сәбилік жүрегіммен осы әуенді арнадым. Айналайын анашым, ауырмашы өтінем Білемін тіліңді алмай бұзылып кеттім мен. Бірақ үмітіңді үзбе, оны ақтаймын. Берің отбасыңды дәл осылыай сақтаймын!