Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Түсіме ендің
Сен бүгін түнде менің түсіме ендің,
Бір ғажайып күйге енді бұл жүрегім.
Түс болған соң онда бәрі болады,
Мен аңсаған арманды сонда көрдім.
Керемет бір оқиға,ғажайып түс,
Бұл нәрсе болып жатыр еркімнен тыс.
Сол түсімде бас кейіпкер өзің жаным,
Осы түні ұйқым сондай болды тыныш.
Сені көрдім құлпырған бір әлемнен,
Сол әлем жарасады тек өзіңмен.
Сенсіз дүние солғын тартып қалатындай,
Жаным-ау қашан саған қол жеткізем.
Жұмулы көзбен көрудемін өзіңді,
Айдан да сұлу әп-әдемі жүзіңді.
Болып жатқан секілді өмірімде,
Ерекше тағдырымның осы түні.
Сені көрдім махаббаттың сарайынан,
Сені көрдім сарайдың алтын тағынан.
Сол сарайды билеген ханшайымсың,
Бар жақсылар жарасады жаным саған.
Сол түсімде саған бардым жақынырақ,
Қолыңнан ұстап,жанарыңа тоймай қарап.
Енді сені құшағыма алған сәтте,
Қап!Оятқыш мазалады шырылдап.

Бұзылды ұйқым,түсімде аяқталды,
Қарсы алдым осылай атқан таңды.
Түсімде де орындалмас арман болдың,
Арман болып қаларсың солай мәңгі.

Таңғажайып оқиға түсте көрген,
Күнде соны қайталап көре берсем.
Қолыңды ұстап,көздеріңе қараған сәт,
Дәл осылай өмірімде болса екен.
Жүрегім бар,сезімім бар саған деген,
Сол сезімді арнадым осы өлеңмен.
Сүйсеңде мені сүймесеңде бұл өмірде,
Саған ғашық жүрегімді арнай берем.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Abel Korzeniowski Stillness of the Mind  Abel Korzeniowski Letters  The Surfaris Wipe Out  Franz Liszt Love Dream  Franz Liszt Allegro animato  Three days grace its all over  Мир чудес 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен