Іздесен Мені [ mix ] (исполнитель: Жебе)
Iздесең менi күзде сен, Қасыңда сенiң жүрмесем. Талдардан түсiп өзiңмен Жапырақ болып жүздесем. Қантарда менi iздесең Бар екенiмді бiлмесең, Аспаннан түскен әр ұлпа Мен болып тағы жүздесем. қайырмасы: Мен жоқта жаным гүлдеме, Сезiмнiң отын үрлеме. Аспанда тұрмын ай болып Iздесең менi күнде де, Iздесең менi түнде де. Қара бұлт төнiп өткенде, Ақ нөсер болып сепкенде, Ар тамшы жауын ол менмiн Іздесең менi көктемде.