Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Беу, қазақ, тыңдағын... Тарлан Не қымбат және де мәңгі не? Сол туралы болмақ әңгіме... 2008 Айтпаса сөздің атасы өледі... 21 ғасыр, Тілек бар ұлан-асыр, Қазағымның беделі ешқашан құламасын. Ана тіл – мұрам асыл, жаңғырсын, тек өшпесін, Қазағым,мәңгүрттік қана жалғыз сенің өштесің. Бірлігі жойылмасын, бар әлем мойындасын бізді, Армандарға бой ұрғасын оң болсын жолымыз ізгі. Бұл біздің уақыт, күмәнді уатып сең қозғалды, Дегенмен өткен күннен айтылмаған әлі сөз қалды. Өмірден озған-ды әжем марқұм айтушы еді: «Нағыз азамат, - дейді, руымен бірге у ішеді. Көппен бір көтеріп шерін, қиындықтың шебін, Қорғап Отанның келешегін иеленген шенін». Әжем сөзін жалғап соғыс жылдарын баян етті, Білесің бе, қанша пенденің өмірі зая кетті, Егер де бүгінгі таңда қазақ менсінбей мекенін, Түсінбесе қадірін һәм ненің қымбат екенін. Сенің азаттығың үшін кешкен еді соғыс өртін, Бабалардың ерлігі - бүгінгі Қазақстан көркі. Ендігі, ақылға қон, ойлан, жүрегіңді тыңдап, Не дейді жүрегің, ал мен білемін не қымбат. Тар жол, тайғақ кешуден өтіп, құрбан қылған басын, Осы күнге дейін төгіп келген әжемнің жасын. Атамның Отан деп отқа түскені мен үшін, Сол Отанды қымбат санап, толғандырады мені шын. Бүгінгі күннің кенішін қалаған әр қазақ мықты, Қорғап елі мен жерін, қолға бермей азаттықты. Не қымбат деген сұрақпен осылай додаға түстік, Мен үшін Отан қымбат, Отан оттан да ыстық! Не қымбат Отан оттан да ыстық Әр жанның жүрегінде Отан оттан да ыстық