Колшатыр (исполнитель: АЙЖУЛДЫЗ АДАЙБЕКОВА)
Ғашық жүрек қалап сені іздеді, Қарамашы маған, жаным, жатсына. Табыстырды мына жаңбыр күздегі, Екеумізді бір қолшатыр астында. Қ-сы Сезесің бе жүрегімнің дүрсілін, Бұлқынады жеткізе алмай бір сырын. Қайталаған жаңғырығы секілді, Тыңдап көрші тамшылардың тырсылын Шыдамастан күйіп-жанып деміне, Еріткендей адам түгіл, тасты да. Бірге келем өзіңменен, мен, міне, Қолтықтасып бір қолшатыр астында. Қ-сы Сезесің бе жүрегімнің дүрсілін, Бұлқынады жеткізе алмай бір сырын. Қайталаған жаңғырығы секілді, Тыңдап көрші тамшылардың тырсылын Бізге арналған сыйы ма бұл тағдырдың, Өн-бойымды баурап алды шаттық ән. Тілеп келем тоқтамауын жаңбырдың Шыққым келмей қолшатырдың астынан. . Қ-сы Сезесің бе жүрегімнің дүрсілін, Бұлқынады жеткізе алмай бір сырын. Қайталаған жаңғырығы секілді, Тыңдап көрші тамшылардың тырсылын