Сен менің өзімді ... - Төлеген Айбергенов (исполнитель: Бекзат Смагулов)

Сен менің өзімді көрсең,
Тұрысым осы менің.
Мендегі ғаламат сезімді көрсең
Шошыр едің...

Сен онда ойланар ең,
Толғанар ең көзіңді жұмып тұрып,
Мендегі ыстық жалын
бойыңа күш боп кіріп,
Тұрар еді сен түгіл тас та лаулап,
Көзіңде жатар еді
Жұлдызды аспан аунап.

Сен мендегi достықты көрсең,
Қалтқысыз сенетұғын.
Қайғыңды көтеруге
Қайғысыз көнетұғын.
Тек қана сол болар едi
Түсiңе енетұғын.

...Сен мендегі бауырмалдықты көрсең,
Баурайынан бар таудың сел күреген
Жел өтіңнен желкен боп желбіреген
Көлдерге айналар ең
Көктемде мөлдіреген.

Сен мендегі махаббатты көрсең,
Тұратын кіршік түспей
Жүрегің қалмас еді
Бір рет ыршып түспей...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Мама я в Дубае норм песня Мот  Johnyboy недоверяю  Innerpartysystem everyone  Йолдызлардан эзлим  Ой летять лелеки Бучинская  Махаббат сезiмi  Песня про ветерана и сына мэра Семён Слепаков  Ольху я ломала Казачья озорная 
О чем песня
Бекзат Смагулов - Сен менің өзімді ... - Төлеген Айбергенов?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен