Мағжан Жұмабаев " Сүй жан сәулем" (исполнитель: Нұрсұлтан Талғатұлы)

Мағжан Жұмабаев
"Сүй, жан сәулем"
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да! 
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін 
Патша тағы, бүкіл дүние малына.

Құшақтатып нәзік талдай беліңнен,
Сүйгіз, сәулем, тәтті балдай тіліңнен.
Бой шымырлап, талықсиды жүрегім, 
Балкып денем, барам еріп деміңнен.

Кір қойныма, қыпша белің бұралып,
Тарқат шашың, жатсын жібек оралып,
Жаным! Жаным! Тезірек тисін төске төс, 
Көз жұмулы, жиі ыстық дем алып.

Шашың - қара, денең -ақ бұлт, жүзің - Ай, 
Тісің - меруерт, көзің, сәулем, құралай. 
Ләззат, рақат, бақыт - бәрі қойыныңда, 
Сұрамаймын енді ұжмақ - жақсы жай!

Сүй, жан сәулем, тагы да сүй, тағы да! 
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Жасағаннан бір-ақ нәрсе тілеймін:
Өтпесе түн, атпаса екен таңы да!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Viva rock Japanese version  Nosa перевод  Песня о друге минусовка Erinus aka MIPVIH  Замяткин 27 Диалог 27  Obvserver  СПАРАПЕТ АЛЛА ЛЕВОНЯН  Super saqo-dangerous  Dry aka bezza-не грусти 
О чем песня
Нұрсұлтан Талғатұлы - Мағжан Жұмабаев " Сүй жан сәулем"?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен