Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Ғашық болма ешбір жанға, Болмаса, жүрегің жанады махаббат отында. Қолымда қалам, жүрегімде өте үлкен жара, Сол жүрек жарасы үлкеюде бара бара. Сүю оңай, бірақ бірге болу өте қиын, Сүйгеніңмен қосылсаң, онда ол өте үлкен сыйың. Жүргенімізден қоштасқанымыз көп болса да, Сені ұмыта алмаймын, жаным менің, тыңда. Ішімнен буынып осы сезімді сөздер шығаруда, Жүрегім сыздап тек бір өзіңді ойлауда. Тығуда қанжар жүрегіме сен жайлы ойлар, Сенің айтқан соңғы сөзің жүрегімде қалар. Батар жаныңа әнім, кешір, кешіре алсаң, Себебі бұл әнді қолым емес, жүрегім жазған. Қазсам да инемен құдық, саған тең болмаймын, Бәрі жақсы болады деп өзімді алдай алмаймын. Қ-сы: Мен сені сүйіп өтем соңғы демім қалғанша, Көздерім жасқа толды менің жалғыз қалғанда. Бақытты болшы, менің баянсыз махаббатым, Жүректе із қалдырдың мәңгіге сақталатын. Өшіргішпен өшіріп, өткен күндерді жойсақ, Шимайланған парақты өртеп, ақ парақтан бастасақ. Ең болмағанда, біраз жылды артқа айналдырсақ, Кездестірмейтін едім сені, құрып кеткір махаббат. Ғашық болғым келіп ғашық болған жоқпын, Жүрегім сені таңдаған, мен сені таңдаған жоқпын. Бұрын бұндайды ешқашан сезіп көрген жоқпын, Сенсің жүрегімде жаққан махаббат отын. Сол жаққан отыңды сен сусыз сөндірдің, Судың орнына менің көз жасымды пайдаландың. Аймалап аяладың, енді жалғыздыққа байладың, Арамыздан жылан өткендей суытып тастадың. Бұндай жалғыздықты жауыма да тілемеймін, Енді ешқашан да басқа жанды мен сүймеймін. Жарқын өміріме қара түсті бояу қостың, Құттықтаймын сені, жаным, бұл ойында сен ұттың. Қ-сы: Мен сені сүйіп өтем соңғы демім қалғанша, Көздерім жасқа толды менің жалғыз қалғанда. Бақытты болшы, менің баянсыз махаббатым, Жүректе із қалдырдың мәңгіге сақталатын. Бір сәтке қарап отырм тағдырдың жазғанына, Арадығы махаббат жауапсыз болғаны ма? Сен кеттің бір сәтке жүрегімді жаралап, Өміріме қалдырдың жазылмастай қара дақ. Не істедің өміріме, не істедің тағы да, Енді қалдым жалғыздықта өткен күнді сағына. Екеуара махаббат, белгісіз бір себептер, Жанардағы көз жасыма сен болдың себепкер. Кезінде де сен де маған ғашық болған шығарсың, Уақытты кері қайтарып бір сәтке де ойланарсың. Сезімің жалған болған соң сен алыстасың, Ұмытуға тырысасың, басқа амал болмаған соң. Сен – менің өмірімде ең басты кейіпкер, Сағынғанда ойланамын: ғашық болдым ба бекер. Не істеймін жүрегіме, кім бақыт сыйлап өтер, Қиналып соққан жүрек бостандыққа да жетер. Қ-сы: Мен сені сүйіп өтем соңғы демім қалғанша, Көздерім жасқа толды менің жалғыз қалғанда. Бақытты болшы, менің баянсыз махаббатым, Жүректе із қалдырдың мәңгіге сақталатын.