Менен құтылмайсың (исполнитель: BaGi)

Менен құтылмайсың

Мен – сенің көлеңкеңмін, ешқашан құтылмайсың,
Мен үшін өте қымбатсың, маған қатты ұнайсың.
Қызықтырмайды кімнің қандай ойы бар,
Айнала көре алмайды, олардың іші тар.
Екеуміз екі түрліміз, мен де жақсы білем,
Мүмкіндік, үміт бар, сол үмітке сенем.
Қазірше жалғыз келем, күнім, өзіңді күтем,
Қайдан көрдің аққуды көл бетінде жалғыз жүзген.
Теңеймін күніме тек өзіңді, жылытқан,
Мұз басты жүректі, құтқарып алшы суықтан.
Ерітіп тұла бойымды, жылытшы тәнімді,
Қал менің қасымда, шырылдатпа жанымды.
Құтылғың келсе менен – атып таста мені,
Сен менен құтылмайсың, амал қанша енді.
Қажет болса, түнде түсіңе кірем,
Себебі, сүйіктім, өзіңді ессіз сүйем.

Қ-сы:
Алыстама, себебі сені сүйем,
Жырақтама, мен өзіңнен өтінем.
Алыстама, соңыңнан еріп келем,
Жырақтама, құтылмайсың сен менен.

Көлікті жігіттер жан-жағынан қаптады,
Сүйем, күйем деп сені уақытша оттады.
Олардың ойы – бір, көзіңді ашып қара,
Махаббат немесе автокөлік, таңда.
Таңдауың белгілі, әрине, мен емес,
Қоңырау шалудамын, абонент бос емес.
Түнгі клуб, ресторан, сауық-сайран,
Түбінде келесің айналып қайта маған.
Қызықтырмайды маған дейін кіммен болдың,
Жүрегімде жазылмас келесі дақ боп қондың.
Сенсіз маған өмір жоқ, өзіңсіз жанып-сөндім,
Екі ойымның екеуі сенімен, әлек болдым.
Құтылғың келсе менен – атып таста мені,
Сен менен құтылмайсың, амал қанша енді.
Керек болса, саған жанымды берем,
Себебі, сүйіктім, өзіңді ессіз сүйем.

Қ-сы:
Алыстама, себебі сені сүйем,
Жырақтама, мен өзіңнен өтінем.
Алыстама, соңыңнан еріп келем,
Жырақтама, құтылмайсың сен менен.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
ERIK ERANI ANUNT IMANAM  AYDYM AYTJAK ZumerCHAS  Орда кагаз  Зи рикикай  Every Day Is a Saturday Pronobozo  Crazy Life Original Mix Digitaria  La Bastille Les chansons damour 
О чем песня
BaGi - Менен құтылмайсың?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен