Менен күтпе | .com/amangeldiev_bagi (исполнитель: BaGi)
Менен күтпе Менің жалғыз жазығым – қарапайым болғаным, Менің өнерім – менің жалғыз қорғаным. Махаббат – менің қос қанатым самғайтын, Қос жүрек арасына бағыт беріп жалғайтын. Мен сені сүйіп өтем ешқандай себепсіз, Бірақ менің сезімім саған еш керексіз. Махаббаттың өлшемін дүниемен салыстырма, Бір сұранарым сенен – бәрін доғар, адастырма. Егер де бірге болғың келсе адал болшы маған, Менің жеке әлемімнің есігін аштым саған. Кіргің келсе, ашылмасқа жап есікті, Маған ұл сыйлап, ана болып тербетші бесікті. Бірақ, қайдам, қолыңнан келмейді, білем, Сенсіз өмір бітпейді, жалғастыруменен келем. Көз жасымды көруге асықпашы, көре алмайсың, Мені сүйемін бе, сене алмаймын, көп алдайсың. Қайырмасы: (х2) Менен күтпе зәулім үй мен қамалды, Менен күтпе сені қайтару үшін амалды. Менен күтпе алтын-күміс тастарды, Менен күтпе көзден аққан мөлдір жастарды. Саған керемет өмір сыйлау қолымнан келеді, Сенімен өткен күндердің көбірек қой әлегі. Бірақ сенің бақытың табылады ақшадан, Менен күтпе оны, күтсең де оны басқадан. Астымда көлігім жоқ, саған онсыз болмайды, Мұндай жетістіктермен саған бақыт қонбайды. Егер де шынайы сезімді сезінгің келсе, Өміріңді өзгерту үшін намысың жіберсе. Менің құшағым ашық әрдайым бір өзіңе, Шындықты баяндап тұр ғой, қарашы көзіме. Мен саған әперейін аспандағы ай мен күнді, Қаласаң, жұлып берейін күнәсіз жүрегімді. Маған тек адал болсаң соның өзі жетіп жатыр, Шынайы махаббатың, көзіңді ашшы, алдыңда тұр. Білесің бе, аяулым, махаббат сатылмайды, Қанша айтсам да, сенің ьасыңа қонбайды. Қайырмасы: (х3) Менен күтпе зәулім үй мен қамалды, Менен күтпе сені қайтару үшін амалды. Менен күтпе алтын-күміс тастарды, Менен күтпе көзден аққан мөлдір жастарды.