Сен ұмытпа (исполнитель: BaGi)

Сен ұмытпа

Аяқтап мектепті, аяқтадық сезімді,
Жоғары оқу орны, жол әкетті өзіңді.
Ұмытылды балалық, ұмытылды Бағлан,
Түсіріп көңіліңді әуреленіп не қылам.
Есімде, сен үшін барушы едім мектепке,
Армандап өзіңді, қиялдаппын мен текке.
Сабақтың соңында күтуші едім өзіңді,
Жүгіріп артыңнан, қайтардың сен сөзімді.
Жол тауып жүрегіңе уақыт салып арада,
Біз жүріп таңда дейін болушы едік далада.
Ортақ сезімімізге қарсы еді сенің әпшең,
Үйіңнің ауласы, әлі есімде сенің көшең.
Ерніңнің шырын дәмі, иіссуы санамда,
Өткеннен естелік ауыр тиер маған да.
Сонда да жүректе жылу қалды саған деген,
Ұйқысыз түндерде демаламын ауыр, терең.

Қ-сы: (x2)
Сүйіктім, сен ұмытпа бірге жүрген күндерді,
Жүрегім де жатырқап, жалғыздыққа үйренді.

Әне тұр SMS-тер ұялымда ескеріп,
Жоюға қол бармайды, қоямын жай тексеріп.
“Жаным, сені сүйемін. Түсіңде мені көр”,
Қуантып жанымды келуші еді әрбір күн.
Тек қана сені ойлау – қолдан келетін амал,
Келіп өттен соғады сағыныш болып самал.
Қоштасқан сол бір күн соңғы қоңырауменен,
Бөліндік екіге, алыстадың сен менен.
Есімде, сөз бергенің мәңгі болам деп бірге,
Өртедім суреттерді, айналды олар күлге.
Көзімнен ыстық жас үзіліп жерге тамды,
Ұзақ жол, қашықтық өзгертеді адамды.
Жаңбырлы Алма-Ата сені өзіне жұтты,
Өзгерді мінезің, өзгеріпсің сен тіпті.
Шіркін-ай, махаббат, не салмадың басыма,
Мен сені сағындым, шыны керек, расында.

Қ-сы: (x2)
Сүйіктім, сен ұмытпа бірге жүрген күндерді,
Жүрегім де жатырқап, жалғыздыққа үйренді.

Сенсіз өтті күндер бес жылдың көлемінде,
Екеуміздің тағдыр, бұл менің өлеңімде.
Қиылысты өмір, кездестірді біздерді,
Осылай боларын көңілім шын күтпеді.

Ақ-қара түсті кинофильм секілді,
Зымырап уақыт өтті, ұмыттым мен өзіңді.
Өзгерген көзқарас, тағдырдың тәлкегі,
Қалайша ұмытайын бірге жүрген жерлерді.
Орталық саябақ, келемін қадам басып,
Жиылған жапырақтарды кетуде жел кеп шашып.
Бақытты отбасы, ойнатқан бала-шағасын,
Қайдан білейін, сен де осылай жүрген шығарсың.
Ұл және қызы бар, доп ойнатқан жастарға,
Ұзақ уақыт мен де қарап тұрдым қызғана.
Доптары домалап келді менің қасыма,
Жай ғана тоқтатып алдым оны қолыма.
Жақындап келе берді ұл мен қыздың анасы,
Қасында сүйкімді жетектеген баласы.
Келбеті тым ыстық, мен үшін өте таныс,
“Бағлан, сенсің бе?” – мен үшін таныс дауыс.

Қ-сы: (x2)
Сүйіктім, сен ұмытпа бірге жүрген күндерді,
Жүрегім де жатырқап, жалғыздыққа үйренді.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Mutemath Pins and Needles  Mutemath Goodbye  Mutemath Armistice  Mutemath Burden  Mutemath Clockwork  Mutemath Peculiar People  Golden Earring Radar Love  Golden Earring The Vanilla Queen 
О чем песня
BaGi - Сен ұмытпа?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен