Сол бiр күз (исполнитель: BaGi)

Сол бір күз

Тамшылап жаңбыр жауды себелеп жер бетіне,
Суықтау мұң көрінді бір сұлудың келбетінде.
Жүрегі жаралы, ауырады сыздатып,
Сүйгені кете барды қатынасты мұздатып.
Көздері жасқа толып өткенді еске алады,
Өткен күндердің бейнесі жүрекке жара салады.

Қ-сы: (x2)
Жылама енді сұлу қыз, оралар қайта сол күз,
Екеуіңді таныстырып, айырған да сол бір күз.

Сарғайып жерге түсті күздің соңғы жапырағы,
Жел келіп, өттен соғып, оңды-солды лақтырады.
Сезімде адасқан сенің тағдырың секілді,
Жүрекке батымды оқиғалар боп тұрады.
Ол сені ұмытты, мүмкін, мүлдем сүймеді де,
Сезімнің не екені таныс емес, білмеді де.
Ал сен болсаң егіліп жылайсың қимай оны,
Қинамашы өзіңді, өтінемін, қойшы соны.
Қараңғы бөлмеге қамалып, терең ойға батып,
Бозарып жарық түсті келесі бір таңың атып.
Тыныштық орнады, мүлдем шықпай сенің үнің,
Әрине, ұйқысыз жас төгумен өтті түнің.
Жұбату үшін өзіңді түр-түрлі ән тыңдап,
Сұлулығыңды білдірмей, уайым барады ұрлап.
Таныс емес бұл сезім, не деп өзі аталады,
Мен жауап берейін, бұл – жауапсыз махаббат.

Қ-сы: (x2)
Жылама енді сұлу қыз, оралар қайта сол күз,
Екеуіңді таныстырып, айырған да сол бір күз.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Не горю давно та искра не моя  Я знала что мало там правды но  Я хочу быть собой и жду и помню  Через боль наших слёз наших  А ты капризная такая вредная  Потерянное нами время  Misato - Secret 
О чем песня
BaGi - Сол бiр күз?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен