Жарығым-ай (исполнитель: Utarbaev Adilet)
Тереземнің алдында ай тұрады, Теңізінде арманның мен тұрамын. Айдай болып түскенде сен есіме, Ақ гүл ұстап жүрегім ұмтылады. қайырмасы: Жарығым-ай, Осы сенің өзгермес қалыбың-ай. Жер мен көктің арасын шарлап жүріп, Мың аққудың ішінен таныдым-ай. Жер мен көктің арасын шарлап жүріп, Мың аққудың ішінен таныдым-ай. Сен болмасаң не істер екем жарығым-ай. 2.Тереземнің алдында күн тұрады, Терең ойдың ішінде мен тұрамын. Күндей күліп түскенде сен есіме, Көз алдымда дүние құлпырады қайырмасы: Жарығым-ай, Осы сенің өзгермес қалыбың-ай. Жер мен көктің арасын шарлап жүріп, Мың аққудың ішінен таныдым-ай. Жер мен көктің арасын шарлап жүріп, Мың аққудың ішінен таныдым-ай. Сен болмасаң не істер екем жарығым-ай.