Сагыныш (2015) (исполнитель: BaGi x Ulan)

Сағыныш

Білінбестен атсын таңдарым,
Ымырт кештің байқап батқанын.
Бір сұлу бейненің сағымын
Кім білген лезде ғайып боларын.
Сағынышқа билетіп тұла-бойымды,
Ұрладың көңілімде жасырған ойымды.
Сезімнің сырларын ұға алмадым,
Меніңше, қою керек бұл ойынды.

Қ-сы:
Сонда да, сағыныш еркіндікке жібермей,
Сонда да, сен жайлы ойлар тыныштық бермей.
Бір жола қал немесе босат өмірімді,
Тыныштық бер елітпей менің көңілімді.
Бір жола қал немесе босат өмірімді,
Тыныштық бер елітпей менің көңілімді.

Қайталап айтқым келмейді «Сүйемін» деген сөзді,
Жалған сезімдерің менің үмітімді үзді.
Кінәнің бәрін тағдырға жаба салдық, неге,
Кетуіңе рұқсат, сені сүйгенмін сол кезде.
Жүрегіңнің есігі адамдардың бәріне ашық,
Ал мен ақымақпын баяғыдан саған ғашық.
Қаншама күндердің маңызы жоқ деп айта алам,
Өйткені сезімің менде.
Жүректі қозғадың, қайтадан келмеймін,
Себебі тағдырым жеңген.
Жүрекпен ойнадың, қоймадың, тоймадың сезімге,
Сүйгенімді білесің, жүрегім езіле.
Сақтадым атыңды және де махаббатыңды,
Сағындым былықтарыңды және қылықтарыңды.
Сол кезде, білесің бе, сенің сөзіңе сенгем,
Қазір махаббат десе, одан қатты бекінем.
Көзіңнің қарасы және ұзын кекіл,
Айтарым тек саған – сүйгенді сүйе біл.

Қ-сы:
Сонда да, сағыныш еркіндікке жібермей,
Сонда да, сен жайлы ойлар тыныштық бермей.
Бір жола қал немесе босат өмірімді,
Тыныштық бер елітпей менің көңілімді.
Бір жола қал немесе босат өмірімді,
Тыныштық бер елітпей менің көңілімді.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Алексей Румянцев  С Днем Рождения Мама Эльбрус Джанмирзоев  Частушки сява  Жылама кызым  Индиго-алтын бесик  Katano beat  Сережа местный  Sayonara Memory 7!! 
О чем песня
BaGi x Ulan - Сагыныш (2015)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен